2021 жылдың 30 қарашасында Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінде жастар ісі жөніндегі инспекторы «Мықты көшбасшы. Бәсекеге қабілетті ел. Табысты ұлт» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған іс-шара өткізді.
Мақсаты: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; білім алушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін, бәсекеге қабілеттілігін, көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
Ойынға 3 команда қатысты: «Зияткер», «Лидеры», «Genius». Ойын барысында команда мүшелері Қазақстан Республикасының мәдениетін, тарихын, мемлекеттік рәміздерін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілдерін, заңдары мен бағдарламалық құжаттарын білу бойынша сайысқа түсті.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз мемлекетінің тарихын білуі керек.
Интеллектуалды брейн-рингке қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз, алға қойған мақсаттарыңызға сәттілік тілейміз.